Дана Нұржігіт Илья Ильинге ризашылығын білдірді

Белгілі журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, Илья Ильинге риза екенін жеткізді.

Дана Нұржігіт Илья Ильинге ризашылығын білдірді
Ғаламтор
Автор
Админ
556

Біраз уақыт бұрын Илья Ильин сұхбат беріп, он жылдан бері ішімдікке салынып кеткен досы Алмас Өтешовті клиникаға апарып, емдетіп жатқанын айтқан еді. Журналист зілтеміршінің осы ісіне риза болыпты.

«Кеше ғана Ильяның атына кір келтіретін әңгіме айтып отырған досын тауып, емдетіп, жағдайын түзеуге барын салып жатқан Ильяға шын риза болдым. Болар елдің баласы бірін бірі батыр дейді!»-деп жазды Дана Нұржігіт.

Ол сондай-ақ Алмас Өтешовтен сұхбат алған Нұрсейіт Жылқышыбайды сынға алды. Ішімдікке тәуелді адамға ерсі сұрақтар қойып, лас әңгімеге тартты дейді.

«Осы жерде менің қояр сұрағым тек “Уақыт көрсетеді” жобасының авторына ғана. Нұрсейіт Жылқышыбай, ауыр диагноз-алкоголизмге он жылдан бері шалдыққан адамды сөйлетіп, суыртпақтап лас әңгімеге тарту моральдық этика тұрғысынан қаншалықты дұрыс? Қауқарсыз жағдайдағы адамның әлсіздігін пайдалану емес пе?!»-дейді журналист.

Айте кетейік, Алмас Өтешов Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында біраз шындықты жайып салған болатын.

 

Серіктес жаңалықтары