Алғабастағы апатты үй тұрғындарының жаңа пәтерлері дайын

Алғабастағы апатты үй тұрғындарының жаңа пәтерлері дайын

Алғабастағы апатты үй тұрғындарының жаңа пәтерлері дайын
ашық дереккөзі
311
Алматы қаласындағы Алғабас ықшам ауданындағы апатты үйлердің тұрғындары 1 сәуірден бастап жаңа баспаналарына қоныстанады, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Қазіргі уақытта Алғабас тұрғындарына берілетін жаңа үйдің құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Тек газ құбырын жүргізу керек. Құрылысты қоғамдық коммиссия арнайы бақылаған. Сондай-ақ, тұрғындардың ішінен сайланған топ жетекшілері де құрылыс нысанның басы-қасында болған. Ал құрылыстың мерзімінен кешігуінің себебі қосымша бекіту жұмыстары жүргізілді. Еске сала кетейік, өткен жылдың жазында Алматыдағы Алғабас ықшам ауданында екі бірдей 9 қабатты тұрғын үй қисайып қалған еді. Қазіргі кезде бұл үйлер де қалпына келтірілген. «№136 үйдің тағдыры қазіргі күні толығымен «Астана» құрылыс компаниясының тарапынан толығымен мынау КазНИИСА жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің берген ұсынымына байланысты толығымен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сыртқы жұмыстарды бітіргеннен кейін ішкі жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Ол да толығымен КазНИИСА жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсынысы бойынша жасалады да, аяқталғанан кейін толығымен коммисия шығып, үйді қабылдайтын болады», – дейді Алматы қалалық құрылыс басқармасының басшысы Мұхаммедғаріп Құрманғалиев.

Серіктес жаңалықтары