297
Жаңа жылда зейнетақы көбейеді
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері мен ең төменгі зейнетақы артады.
Қаржы министрлігі «Ашық НҚА» порталында 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Биылғы көрсеткіштер:
ең төменгі жалақы – 85 мың теңге;
АЕК – 3692 теңге;
ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге;
ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге;
ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 28 215 теңге.
2025 жылға арналған жоба мақұлданса:
ең төменгі жалақы – 85 мың теңге);
АЕК – 3932 теңге;
ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге;
ең төменгі күнкөріс деңгей – 46 228 теңге;
ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 32 360 теңге болады.