Қазақстандық әртіс АҚШ-та өткен олимпиадада бас жүлде алды

Ербол Тәжібаев «WorldStars» халықаралық таланттар олимпиадасына қатысып, 3 номинацияда бас жүлдеге ие болды

Қазақстандық әртіс АҚШ-та өткен олимпиадада бас жүлде алды
Мәдениет және ақпарат министрлігі
516

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртісі Ербол Тәжібаев АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен «WorldStars» халықаралық таланттар олимпиадасына қатысып, бақ сынаған 3 номинациясында бас жүлдеге ие болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, беделді байқау әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жетекші вокалистерге, талантты орындаушыларға өздерінің музыкалық жетістіктерін көрсетіп, өнерін әлемге паш етуге мүмкіндік сыйлайды.

Ербол Тәжібаев Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінде «Классикалық вокал» мамандығы бойынша, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алған. 

Еліміздегі «Qazaqstan дауысы», «Topjargan», «Бес жұлдыз» және т.б. көптеген беделді республикалық байқаулар мен жобаларда керемет өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленген ерекше дарын иесі.

Серіктес жаңалықтары