3228
«Қызымды ақтық демім қалғанша қорғаймын»: Қалдыбек Құрманәлі қызына қатысты пікір білдірді
Бірнеше күннен бері боксшы Жанқош Тұраров пен Әнару Қалдыбекқызының арасындағы дау толастамай тұр.
Әнарудың әкесі белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі қызының басындағы жағдайға байланысты пікір білдірді. Бұл туралы журналист Жұлдыз Төлеу желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Кеше айтпақшы белгілі сазгер Қалдыбек Құрманәлі ағамен сөйлестім. Қызы Әнаруға қатысты жағдайды сұрадым. Ағамыз қазір ауылға, қара шаңыраққа көшіп кеткен екен. Әнару өзіне бірнеше рет қол жұмсамақ болыпты»-дейді журналист.
Сазгердің өзі: «Бұл Қалдыбек мына өмірде не көрмеді дейсің, қызымды ақтық демім қалғанша қорғаймын, күресемін. Қызыма күнде хабарласып қолдау көрсетіп отырмын»-депті.
Журналист сондай-ақ Қалдыбек Құрманәлінің БекзатСаттархан атты ұлы қазір Әнарудың қасында екенін жеткізді.