«2 ай көрмедім»: Танымал өнерлі жұп ажырасқандарын мәлімдеді

Өнер иесі шілде айында жүкті екенінжария етіп, екінші рет ата-ана болатындарын жеткізген болатын.

«2 ай көрмедім»: Танымал өнерлі жұп ажырасқандарын мәлімдеді
скриншот/YouTube
553

Желі арқылы көпшілік танылып, жұлдызды жұпқа айналған гитарист Ақсұңқар мен жұбайы әнші Арайлым Әбілсейіт ажырасып кеткені белгілі болды. Бұл туралы Арайлым Әбілсейіт әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Біз балаларымыз үшін дос болып қаламыз. Бірақ осымен біздің жол екіге кетті. Қазір не үшін екенін ештеңе айта алмаймын. Десе де отбасы деген ұғымды түсіне алмаған, бағалай алмаған еркекке айтарым: «Енді бізге жолама», – деп ашуланды блогер.

Өнер иесі шілде айында жүкті екенінжария етіп, екінші рет ата-ана болатындарын жеткізген болатын.

«Оны екі ай көрмедім. Кеше Алматыға келді, бірақ үйге келмеді. Мен ұйықтамай, тамақ істеп күтіп отырдым. Мүмкін келіп қалар деп ойладым. Түскі бірде келді. Қызы соншама алдынан жүгіріп шыққанда бір шоколад та жоқ. Көңілім қалды. Менімен қалай сөйлескенін көрсетпей-ақ қояйын. Мен өзім және қызым Ақжүрек үшін жұмысымды істей беремін. Бірақ Ақсұңқар, қызыңды кез келген уақытта көре аласың. Мен қызымның әкесін жек көріп өскенін қаламаймын. Әзірге айтарым осы... Қанша уақыт бойы Ақсұңқардан неге хабарласпайсың, неге көңіл бөлмейсің деп өзім сұрап алатынмын. Қадірімді түсіне алмаған адамға қашанғы олай жалынып жүремін. Енді бәріне сәттілік. Бәрі бітті», –  деп жазды әнші.

Серіктес жаңалықтары