«НеМолчи» қорының басшысы Дина Таңсәрі ауруханаға түсіп қалды

Қор өкілдері қайырымды жандардан қаржылай қолдау көрсетуді сұрап отыр.

«НеМолчи» қорының басшысы Дина Таңсәрі ауруханаға түсіп қалды
Дина Таңсәрі. Фото: facebook.com/dina.tansari.kz
419

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балалардың жағдайын бей-жай қалдырмай, көмектесіп жүрген «НеМолчиKZ» қорының басшысы Дина Таңсәрінің жүрек талмасы ұстап, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы қордың ресми парақшасында мәлім болды. 

«Динаны дәл қазір жүрек талмасымен ауруханаға апара жатыр. Соңғы 20 Динада екі рет жүрек талмасы ұстады. 9 тамызда және 25 тамызда тағы қайталанды. Қыздың ісіне және қорға түскен жүктемеге байланысты, лас әңгімелер мен айыптаулар өте көп. Бірақ осы жолы жүрек талмасы тура бір сағатқа созылды. Қаладан дәрігер таппай, қаржылық мүмкіндігіміз болмағандықтан ем ала алмадық, ауруды үйде басуға тура келді. Жедел жәрдем қымбат әрі босқа шақыратын едік.

24 тамыз күні Дина Таңсәрі терапевтің қабылдауында болған, дәрігер жүрегі ауыратынын анықтап, қыркүйектің ортасына кардиологқа жазған. Дәрігерлердің басқа бос уақыты болмаған. Бірақ 25 тамызда жүрек талмасы ұстағандықтан, қыркүйекке дейін күту қауіпті деп шешкен.

Бүгін денсаулығы нашарлап кетті, басқа қалаға баруға тура келді. Себебі Черногорияда мамандар тым аз, қазір көбі еңбек демалысында. Сондықтан кардиологты басқа қаладан таптық», - дейді қордың ресми өкілі.

Қор өкілдері қайырымды жандардан қаржылай қолдау көрсетуді сұрап отыр.

Серіктес жаңалықтары