Қасым, Жомарт, Кемел: Түркістан облысында тағы бір үшем дүниеге келді

Қасым, Жомарт, Кемел – Мыңжасар отбасының көптен күткен қуанышы.

Қасым, Жомарт, Кемел: Түркістан облысында тағы бір үшем дүниеге келді
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
671

Келес ауданы Абай ауылының 33 жастағы тұрғыны 7 қыздан кейін үшем босанып, 10 баланың анасы атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Келіншек көптен күткен ұлдарына Қасым, Жомарт есімдері, қызына Кемел есімі берілген. Түркістан облысында өмірге келген үшем бүгін отбасымен қауышты. Қасым, Жомарт, Кемел – Мыңжасар отбасының көптен күткен қуанышы.

Гүлназ Мыңжасар мерзімінен бұрын – жүктіліктің 33-шы аптасында босанған. Кейбір қарсы көрсеткіштерге байланысты көпбалалы анаға ота жасалған. Әкесі Бахыт Мыңжасар құрылыста жұмыс істейді. Ал анасы жұмыссыз. Балалардың атын анасы қойған. Үшем шала туылған, балалардың салмағы 2000 грамм шамасында болған.

– Ота жасаған және жалпы №1 Перинаталдық орталығының акушерлік блогына үлкен алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап, заманауи жабдықтармен қаматамасыз еткені үшін және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін алғысым шексіз. Есімдерін Президентіміз сияқты үлкен азамат болсын деген ырыммен Қасым, Жомарт, Кемел деп қойдық, – деді үшемнің анасы.

Нәрестелердің салмағы – 1 келі 965 грамм, 1 келі 925 грамм және 1 келі 975 грамм. Үшемнің ата-анасының 7 қызы бар. Қазіргі уақытта қыздары інілері мен сіңлісімен қауышатын күнді асыға күтуде. Сәбилердің ата-анасы №1 Перинаталдық орталығының дәрігерлеріне алғыстарын білдірді.

Серіктес жаңалықтары