Қостанайлық тұрғын суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалған

Адам құтқарған екі азамат марапатталды.

309

Қостанай облысында суға батып бара жатқан адамды құтқарған тұрғын марапатталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Лисаков қаласының тұрғыны Андрей Литвиненко учаскелік полиция инспекторы Данабек Игімбердиевпен бірге адам құтқарды.

Естеріңізге сала кетейік, 23 тамызда кешке Октябрь кентінің жанында Тобыл өзенінің бір жағалауынан екінші жағалауына өтпек болған 39 жастағы ер адам абайсызда велосипедтен терең суға құлап кеткен.

– Данабекпен бірге әрекет еттік, ойлануға уақыт болмады, біз суға батып бара жатқан адамды жағаға аман-есен шығардық, – деді Андрей Литвиненко.

Көрсеткен батылдығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін Андрей Литвиненко Лисаков қаласының полиция бөлімі бастығының грамотасымен марапатталды, сондай-ақ оған естелік сыйлық ретінде қолсағат табыс етілді. Полиция қызметкері Данабек Игімбердиев кәсіпқойлығы үшін Конституция күнін мерекелеуге арналған алдағы іс-шарада марапатталады.

 

Серіктес жаңалықтары