Қазақстандық блогер Air Astana әуе компаниясын сотқа бермек

Блогер Алмас Тоқабаев Air Astana әуе компаниясын сотқа беретінін мәлімдеді.

Қазақстандық блогер Air Astana әуе компаниясын сотқа бермек
сурет: qazaquly.kz
459

Алмас Тоқабаев Air Astana әуе компаниясының басшылығына сотқа дейінгі талап жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Сонымен шешінген судан тайынбас деп «ерке бала - Air Astana-мен» соттасуға кірістім. Өткендегі посттан соң заңгер хабарласты. Абзал Құспан аға “Adilzanger” заңгерлер палатасының мүшесі, адвокат Асқар Керім мырзаны ұсынды. Мен қуана келісіп, заңды өкіл қылып алдым. Сонымен іске кірістік. Заң бойынша сотқа дейінгі талап жазылуы тиіс екен. Жазылды. Бүгін жіберілді. Жауабы 7 қыркүйекке дейін берілуі керек. Скриндеп, әдейі салып отырмын. Сақтап алыңдар, болашақта өздерің жазсаңдар да образец болады», - деп жазды блогер әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ ол өз жазбасын бөлісуді сұрап, көпшілікті өз құқығын қорғауға үгіттеген.

«Бөлісіңдер, көпшілік өз құқығын білсін. Енді талапқа жауап берілмесе һәм орындаудан бас тартса сотқа жүгінетін боламыз. Іс сотқа кетсе ашық өтуін және БАҚ өкілдері мен инфлюнсерлер қатысуын талап етеміз. Егер талап орындалса Асқар мырза дәл мендей жапа шеккен әр жолаушының құқығын қорғауға дайын екенін айтады. Жаппай арыз бен заңды жаза ғана Air Astana-ны тәртіпке үйретер. Бұл да бір қоғамға пайдалы іс болсын», - деді ол.

Айта кетейік, блогер бұған дейін аталған әуе компанияның жауапсыздығы салдарынан шетелге жоспарлаған сапарынан қалып қоя жаздағанын және қандай азап шеккенін жазған еді, Бүгінде ол компаниядан әуе билетінің толық құнын қайтаруды және келтірілген залалды өтеп беруін талап етіп отыр.

Серіктес жаңалықтары