ШҚО-да денесінің 70%-ын күйік шалған жас ана аман-есен дүниеге сәби әкелді

20 жастағы Диана Долгова денесінің 70%-ын күйік шалып, бір өлімнен аман қалған.

ШҚО-да денесінің 70%-ын күйік шалған жас ана аман-есен дүниеге сәби әкелді
фото: gov.kz
485

Күйіп, ауруханаға түскен кезінде жүктіліктің 25-ші аптасында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Дәрігерлердің жоғары кәсіби деңгейде жұмыла жасаған жұмысы өз нәтижесін берді. Пациенттің өмірін сақтадық. Біраз уақыттан кейін ол салмағы 2,2 кг, бойы 50 см, дені сау қыз баланы дүниеге әкелді»-деді Денсаулық сақтау министрлігі.

Бастапқыда Диананы Бородино ауылынан Алтай аудандық ауруханасына жеткізген. Оның басы, мойыны, кеудесі мен аяқ-қолы күйіп қалған. Дәрігерлер бірінші, екінші және үшінші дәрежелі күйікті анықтаған. Жағдайы ауыр болғандықтан тікұшақпен облыс орталығына жіберген. Сонда Дианаға бірнеше рет операция жасалып, басқа жерінен тері алып, күйген жерлеріне салынған.

 

Серіктес жаңалықтары