602
Елдосқа 50 млн, Ғұсманға 15 млн: Қарағандылықтар Олимпиада жүлдегерлерін марапаттады
Қарағандыдағы «Жеңіс» дзюдо клубы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін қонаққа шақырған.
Алтын жүлдегер Елдос Сметовке 50 млн теңгенің, қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаевқа 15 млн теңгенің сертифкатын табыстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл жаңалық «Жеңіс» дзюдо клубының инстаграмдағы сторисінде жарияланды. Дзюдошы Жансай Смағұлов та марапаттау кезінде түскен суреттерін өз парақшасына жүктеген.
Елдос Сметовтің жеке бапкері Ғалымжан Жылкелдиевке 10 млн теңгенің сертификаты, сондай-ақ ұлттық құрама мүшесі Жансай Смағұловқа (-73 кг) 4 бөлмелі пәтердің, тағы бір дзюдошы Ислам Бозбаевқа (-100 кг) 3 бөлмелі пәтердің сертификаты берілген.
Стористен спортшыларға мейрамханада арнайы дастархан жайылғанын көруге болады.