«Арбада баласы бар»: Павлодарлық әйел көшеде ес-түссіз жатқан

Тәртіп сақшылары шақыртуды өңдеу барысында Мәриям есімді әйелдің қиын өмірлік жағдайға тап болғанын, көмектесетін ешкімнің жоқтығын және шарасыз күйге түскенін анықтаған.

«Арбада баласы бар»: Павлодарлық әйел көшеде ес-түссіз жатқан
istockphoto.com
656

Павлодарда қала тұрғыны ішінде баласы бар арбаны және ес-түссіз жатқан әйелді көріп қалған, деп хабарлады turkystan.kz сайты Pavlodarnews басылымына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қала тұрғыны жағдайды байқап, бірден «102» қызметін және жедел жәрдем шақырған. Тәртіп сақшылары шақыртуды өңдеу барысында Мәриям есімді әйелдің қиын өмірлік жағдайға тап болғанын, көмектесетін ешкімнің жоқтығын және шарасыз күйге түскенін анықтаған.

– Күн сайын бірнеше рет тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған дағдарыс орталығындағы әйелдермен кездесеміз.  Олардың әрқайсысына ана мен балаға қатысты мәселелер бойынша заңгерлік көмек көрсетіледі. Еліміздің «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» заңнамасын, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің нормаларын түсіндіреміз, – дейді Павлодар қаласы полиция басқармасы ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Әсем Рахимова.

Сонымен қатар, әйелдерді жұмысқа орналастыруға, балаларды мектепке, балабақшаға орналастыруға көмек көрсетіледі. 

– Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары әрбір жағдайды жеке қарайды. Бұл жағдайда біз дереу көмек көрсеттік. Екі баласы бар әйел дағдарыс орталығына, балалар балабақша мен мектепке жіберілді, – дейді Әсем Рахимова.

Мәриям есімді әйел полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. 

– Уақытша болса да басымда панам бар. Балалар орнығып, оқиды, құрбыларымен араласады. Орталықта жүргенде тағдырыма мемлекеттің бей-жай қарамайтынын, қиын кездерде міндетті түрде көмектесетінін және ең бастысы, үмітімді үзбеу керек екендігін түсіндім, – дейді Мәриям.

Серіктес жаңалықтары