Қалдыбек Құрманәлі: Жанқош жақ кешірім сұрады, кешірім бере алмаймын!

Жанқош Тұраров пен Әнару Қалдыбекқызының арасындағы даудың ушығып жатқанына да біраз күн болды.

Қалдыбек Құрманәлі: Жанқош жақ кешірім сұрады, кешірім бере алмаймын!
Ғаламтор
Автор
Админ
6504

Осы орайда журналист Гүлбану Әниятқызы инстаграмдағы парақшасында жазба жариялап, білген ақпаратымен бөлісті. Журналист Әнарудың әкесі Қалдыбек Құрманәлімен сөйлескен, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Спортшы Жанқош зорлады деп арызданған Әнару Құрманәлінің әкесімен сөйлестім. Қалдыбек Құрманәлі белгілі сазгер, Шәмші әндерін насихаттап жүретінін білесіздер. Қалдыбек ағаның 2016 жылы өмірден өткен Ақмаржан Таубаева есімді әйелінен Әнару қызы мен Әнасыл ұлы бар екен. Балаларыммен араласып, көмектесіп тұратынын айтты.

Қалдыбек Құрманәлі жүрегіне ота жасатып, денсаулығына байланысты Түркістан облысына көшіп кеткен. “Қазір қызыма көмектесу үшін Алматыға келдім” дейді. “Қызым жылап келгенде бұл сорақылықты қоғам білуі керек деп, журналистермен сұхбат ұйымдастырған да өзім” деп отыр.

Қалдыбек Құрманәлі Жанқош жақтан кешірім сұрағанын, бірақ ешқандай кешірім бере алмайтынын айтты. “Қызымды қорғауға жанымды, барымды саламын” деп отыр. Әнару 28 жастағы үлкен қыз, тұлға. Жанқошпен кездескені, оған неге сенгені жайлы ештеңе айта алмаймын деді.

Қоғамның буллингінен соң Әнару бірнеше рет өзіне қол жұмсамақ болыпты. Қазір депрессияда жүр дейді. Қалдыбек Құрманәлі бұл мәселеде аяғына дейін қызының қасында болатынын айтты»-дейді Гүлбану Әниятқызы.

 

Серіктес жаңалықтары