450
Павлодарлық тұрғын қарызын қайтармаған әйелге нәжіс лақтырған
Сот шешімімен ер адамға 14 АЕК (51 688 теңге) айыппұл салынды.
Павлодарда Ж.Аймауытов атындағы саябағында ер адам нәжісін пакетке салып, таныс әйелдің бетіне лақтырған.
Анықталғандай әйел оған қарыз болған, ер адам ақшасын күте алмай, осылай өшін алған.
«Ер адамның жеке басы анықталды, ол Павлодар қаласының тұрғыны болып шықты. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік материал толтырылып, ісі сотта қаралды. Сот шешімімен оған 14 АЕК (51 688 теңге) айыппұл салынды», – деді Павлодар қалалық ІІБ Оңтүстік полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Рустам Серғазинов.