«Жарнамасын жасатып алған соң...»: Роза Әлқожа ақылы мектептерге деген ренішін жеткізді

Танымал әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында ақылы мектептерге қатысты ойын жазды.

«Жарнамасын жасатып алған соң...»: Роза Әлқожа ақылы мектептерге деген ренішін жеткізді
Ғаламтор
Автор
Админ
679

Ақылы мектеп әншіге жарнамасын жасатып алып, ақша сұрағанға ұқсайды, деп жазады turkystan.kz.

Әнші сондай-ақ биылғы мектеп дайындығына келіні көмектескенін, келін алып, қолы ұзарғанын да жеткізді.

«Мектепке дайындалып жатырсыздар ма? Биыл мектеп формасын алуға да, студенттерді шығарып салуға да қолым тимеді. Келін алғаным да дұрыс болған екен! Былтыр бір мектепке IT мамандығы бар әрі бізге тегін болғаны үшін балаларды ауыстырып едік, “арзанның сорпасы татымайды” боп қалдық. Бір бала адаптациядан өте алмай, өзін таппай қалды! Біреуінің сабағы нашарлап, бір жылда үш сынып жетекшісі ауысты ғой! Қой, деп қызды қайта баяғы мектебіне ауыстырдым. Жарнамасын жасатып алған соң, бағасы миллион бірдеңе деп шығады екен ғой, бұл ақылы мектептер! Бастысы баламыздың санасы, сауаты дұрыс болсын!»-дейді Роза Әлқожа.

 

 

Серіктес жаңалықтары