Бизнесмен Айдын Рахымбаевтың балалары құрылыста нәпақасын тауып жүр

Атақты бизнесменнің балалары құрылыста жұмыс істейді.

Бизнесмен Айдын Рахымбаевтың балалары құрылыста нәпақасын тауып жүр
сурет ашық дереккөзден алынды
585

Танымал бизнесмен Айдын Рахымбаев балаларын кішкентай кезінен еңбекке баулып келеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бизнесменнің сөзінше, отбасындағы қалыптасқан дәстүр бойынша балалары жұмысты қара жұмысшы болып бастап істейді. Қазір үлкен балалары офистік жұмысқа енді көтерілгенін айтты.

«Біздің отбасымызда мынадай дәстүр бар: Балаларымыз 14 жастан бастап жұмыс істейді. Кезінде өзім де ерте еңбекке араласқанмын. Біздің 7 баламыз осы жазғы демалыста өздері жұмсайтын ақшаны табуды бастап кетті. Ең бастысы олар ақшаның қандай қиындықпен келетінін сезінсе екен дейміз және әрине тәжірибе жинау», - деді бизнесмен Айдын Рахымбаев.

Айдын Рахымбаевтың әлеуметтік желіге жүктеген суретінен қасындағы кіші ұлы Нұргелдіні байқауға болады. Ол былтыр қара жұмысшы болса, биыл мансабы өскен.

Серіктес жаңалықтары