«Бес келіден артық»: Қарағандыда 3 алып нәресте дүниеге келді

Кесер тілігі арқылы жарық дүние есігін ашқан сәбилер дін аман.

«Бес келіден артық»: Қарағандыда 3 алып нәресте дүниеге келді
Istockphoto
604

Қарағандыдағы перзентханада үш алып нәресте дүниеге келді, деп хабарлады turkystan.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Кесер тілігі арқылы жарық дүние есігін ашқан сәбилер дін аман. 

Бес келіден артық болып туылған нәрестелердің үшеуі де – қыз.

Олардың алып болып туылатыны бір ай бұрын болжанып, жоспарлы отаға жатқызылған. Бәрі сәтті өтіп, балалар анасының қолына берілді. 

Жалпы жыл басынан бері Қарағандыда осындай 59 бала дүниеге келген. Он баланың салмағы бес жарым келінің айналысында болған. Бұл – ауыр салмақ. Ақ халаттылар кейінгі кезде алып балалардың жиілеуі жақсы емес дейді.

Өйткені бұл баланың да, ананың да денсаулығына қауіп төндіреді. Әйелдер жүктілікке ерте дайындалып, ең алдымен ағзасындағы қант деңгейін тексеруі керек. Тамақты, оның ішінде фастфудты көп жеу мен аз қозғалу да іштегі баланың тез өсіп кетуіне әкеледі дейді.

«Аналар тәтті нанды көп жейді. Қимыл-қозғалысы аз. Көп серуендеу керек. 5 келіден асатын болса, онда шешімді консилиуммен қабылдаймыз.  Ананың да, баланың да жарақатын төмендету үшін кесер тілігін жасау керек болады», - деді Қарағанды облысы клиникалық аурухананың №2 перинаталдық орталығының меңгерушісі Жарқын Нүркеева.

Серіктес жаңалықтары