522
«Рахман қайнары» шипажайы мемлекет меншігіне берілді
«Рахман қайнары» шипажайы 1964 жылы ашылған.
«Рахман қайнары» шипажайы электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың балансына өтті. Бұл туралы ШҚО әкімдігі мәлімет таратты, деп хабарлады turkystan.kz.
ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметнше, электронды сауда-саттық нәтижесінде шипажай Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының балансына берілді.
«22 тамызда сауда-саттық өтті. Бүгінгі таңда нысанды қабылдауға мемлекеттік органдардан құралған комиссия барды. Шипажайды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ», - деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетсек, «Рахман қайнары» шипажайы 1964 жылы ашылған. Негізгі емдік фактор - ауруларды емдеу үшін қолданылатын минералды радон сулары.