Ақтауда көпқабатты тұрғын үй кешенінің сырты өртеніп кетті (ВИДЕО)

Кала әкімі Әбілқайыр Байпақов тұрғындарға келтірілген шығын есептелетінін айтты

Ақтауда көпқабатты тұрғын үй кешенінің сырты өртеніп кетті (ВИДЕО)
instagram/aktau_akimdigi
378

Ақтау әкімдігі өкілдері құрылыс компаниясы көп қабатты тұрғын үй кешенінің өртенген қасбетін қалпына келтіріп, жөндеу бойынша барлық шығындарды өтейтінін мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Ақтауда 29 тамыз күні сағат 06:02 шамасында 10 қабатты «OTYRAR CITY» тұрғын үй кешенінің қасбеті өртеніп кетті. Өртті Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өшірді.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше,  үйдің 1-ден 10 қабатқа дейін 2100 шаршы метрі жанған.

Қала әкімі Әбілқайыр Байпақов оқиға болған жерге барып, тұрғындармен кездесті. Шаһар басшысы мамандарға қала бойынша өрт шығу қаупі бар тұрғын үйлерді тексеріп, өрттің алдын алу шараларын жүрізуді тапсырды.

-Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптама жүргізіледі. Өрттің орын алу жағдайлары анықталатын болады. Тұрғындарға келтірілген шығындарда есептелетін болады. Сол шығындардың барлығын және тұрғын үйдің қасбетін тиісті құрылыс компаниясы өтеп беретін болады. Мұндай жағдай бірнеше рет қайталанып отыр. Мамандарға қала бойынша өрт шығу қаупі бар тұрғын үйлерді тексеріп, өрттің алдын алу шараларын жүрізуді тапсырамын. Төтенше жағдай басқармасына, құрылыс компаниясына және Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына құрылыс нысандарында сапалы материалдардың қолданылуын қатаң қадағалау бойынша тапсырма берілді, - деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.

ТЖД ақпаратынша, өрт сөндірушілердің келуіне дейін 60 адам алдын ала эвакуацияланды. ТЖД күшімен баспалдақ маршымен 15 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды.

Серіктес жаңалықтары