Астанада автосервис қызметкері клиенттің көлігін металға өткізіп жіберген

Елорданың 37 жастағы тұрғыны көлігін техникалық қызмет көрсету орталығына жөндеуге қалдырған.

Астанада автосервис қызметкері клиенттің көлігін металға өткізіп жіберген
istockphoto.com
688

Бірақ кейін көлігін таппай, полицияға жүгінген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ал жөндеу орталығының қызметкері клиенттің көлігін жөндегеннің орнына металл қабылдайтын жерге өткізіп жіберіпті.

Астана қаласының Полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданының полиция қызметкелері «Ford T22» маркалы автокөлігін еркін қол жеткізу арқылы ұрлаған 26 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. Ол жасаған қылмысын мойындады»-деп хабарлады.

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Астана полициясы көлік иелерін көліктерін күзетілетін тұраққа қоюды және көлік ұрлығын болдырмау үшін, сондай-ақ көлік құралының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дабыл жүйесін орнатуды ұсынады.

Серіктес жаңалықтары