Қыран Талапбек пен Гүлзада Тұрлаш әзербайжан президентімен танысты

Еліміздегі ең танымал мобилограф Қыран Талапбек әлеуметтік желідегі парақшасына әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен танысқан сәтінің видеосын жүктеді.

Қыран Талапбек пен Гүлзада Тұрлаш әзербайжан президентімен танысты
видеодан скриншот
Автор
Админ
428

Қыран мен оның келіншегі Гүлзада Тұрлашты президентпен әзербайжандық музыкант, кәсіпкер Эмин Агаларов таныстырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Әзірбайжан президенті Ильхам Гейдарұлы Әлиевпен жеке танысу біз үшін үлкен құрмет. Осындай мүмкіндік берген Эмин Аразұлына рахмет!»-деп жазды блогер.

Қыран Талапбек бұған дейін халықаралық нарыққа шығуды ойластырып, сол бағытта жұмыс істеп жатқанын мәлімдеген еді. Биыл жазда Астанада өткен ШЫҰ саммитінде де қызмет көрсетіп, бірнеше елдің президенттерін түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары