536
1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы 50%-ға артады
1 қыркүйектен бастап 445 мың студенттің стипендиясы өседі.
Премьер-Министр Олжас Бектенов AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген жиынында мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толығымен орындалып жатқанын атап өтті.
Оның ішінде студенттердің шәкіртақысы да бар. Колледж студенттеріне берілетін стипендия мөлшері 50%-ға, бакалавриатқа 20%-ға, магистратура мен докторантураға 15%-ға артты. 1 қыркүйектен бастап 445 мың студенттің стипендиясы өседі (15-50% шегінде).
Мемлекеттік бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға (52,8%) бағытталған. Жыл сайын ең төменгі және базалық зейнетақы, сондай-ақ жалақы мөлшері өсіп келеді.