Жиһаз жасап беремін деген жігіт елдің 8 миллион теңгесін алып, алдап кеткен

Астаналық азамат 20 адамға жиһаз жасап беремін деп, олардың 8,4 миллион теңгесін алып кеткен.

Жиһаз жасап беремін деген жігіт елдің 8 миллион теңгесін алып, алдап кеткен
istockphoto.com
511

Соңында ақша да жоқ, жиһаз да жоқ,  деп жазады turkystan.kz.

Ол елді өз сөзіне сендіру үшін келіншегінің атынан жеке кәсіпкерлік ашып, жиһаз жасайтын үй-жайды жалға алып, Instagram желісінде жарнамалық роликтер таратқан.

Басқа біреудің жиһаздарын өзі жасағандай етіп көрсетіп, фотосуреттерін жіберіп, 20 адамды алдап соққан. Тапсырыс берушілердің үйіне барып, өлшем жүргізіп, тапсырыс сомасының 70%-ын алдын-ала алып отырған. 20 адамға келген шығынның жалпы көлемі 8,4 миллион теңге.

Басты сот талқылауында ол жәбірленушілермен азаматтық-құқықтық қатынас болғанын алға тартып, кінәсін мойындамаған. Дегенмен прокурор оның кінәсін толық дәлелдеді. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары