Жамбыл облысында танк пен көлік соқтығысып қалды (ВИДЕО)

Қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Жамбыл облысында танк пен көлік соқтығысып қалды (ВИДЕО)
t.me/egovpress
697

Telegram-дағы egov.press арнасында Жамбыл облысында танк автокөлікпен соқтығысып қалғаны түсірілген видео тарады.

«Әскери танк Жамбыл облысында ашық далада күтпеген жерден жеңіл автокөлікті қағып кетті. Ішінде жүргәзушә болған. Егжей-тегжейлер анықталып жатыр», - деп жазды Telegram-дағы арна.

Қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

 «2024 жылдың 28 тамызында Гвардейск гарнизоны «Мәтібұлақ» оқу-жаттығу полигонының аумағында жауынгерлік техниканың қозғалысы кезінде Mercedes маркалы автокөлігі жол жүру ережесін бұзып, Т-72 танкімен соқтығысқан. Әскери техника жүретін жерлерде "Танкке жол бер" белгісі қойылған. Жеңіл жарақат алған көлік жүргізушісі ауруханаға жатудан бас тартты. Шағымы жоқ. Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары