«AMANAT» партиясының қатары жастармен толықты
Конститутция күні қарсаңында «AMANAT» партиясының қатары 300 адаммен толықты. Партия қатарына әр түрлі салада қызмет атқарып жүрген жастар алынды. Шара барысында көктемгі су тасқыны кезінде белсенділік танытқандар да партия тарапынан алғыс хатпен марапатталды.
Қазақстан теміржолы Павлодар станциясының 50 қызметкері «AMANAT» партиясының қатарына қабылданды. Партия құрамына қосылғандардың көбі жастар. Олар елдің дамуын осы партиямен байланыстырады.
Павлодар облысы бойынша партия қатарына 300 адам қабылданды. Олар әр салада қызмет етіп жүрген жастар. Аманаттықтардың саны өңірде 50 мыңға жақындады.
"Біз бүгін жаңадан бастауыш партия ұйымын аштық. Бұл өте маңызды іс. Өйткені, бастауыш партия ұйымдары біздің жұмысымызды одан әрі жалғастырушы. Біз саннан гөрі сапаға жұмыс істейміз. Сондықтан да мереке қарсаңында партияластарымызды құттықтап, төтенше жағдай кезінде танбай, талмай қызмет көрсеткен жерлестерімізді марапаттағанды жөн көрдік", – дейді облыстық мәслихаттың төрағасы, "AMANAT" партиясының облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко.
Іс-шара аясында Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылында болған тасқын кезінде белсенділік танытқан ауыл азаматтар марапатталды. Оларға «AMANAT» партиясының атынан алғыс хаттар табысталды.
Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.