«Индираның боксердан бір баласы бар»: Жанқош Тұраров тағы бір қызды зорлаған деген күдікке ілінді

Елді елең еткізген жаңалықты заңгер Ләззат Ахатова бөлісті.

«Индираның боксердан бір баласы бар»: Жанқош Тұраров тағы бір қызды зорлаған деген күдікке ілінді
сурет ашық дереккөзден алынды
661

Адвокат Ләззат Ахатова боксшы Жанқош Тұраровтың Әнару Қалдыбекқызынан бөлек, Индира есімді тағы бір қызды зорлағаны туралы ақпарат таратты, деп жазды turkystan.kz.

«Жанқош Тұраров 2014 жылы Индира есімді тағы бір қызды дәл Әнару сияқты алдап, қонақ үйге апарып, дәрі беріп, зорлаған екен. Индираның боксердан бір қызы бар боп шықты. Бұл жағдай Тұраров үйленбей тұрғанда болған. Индирадан сұқбат алғысы келетін журналистер жекеге шықса болады. Бұдан бөлек, 2006 жылғы бір қызды да дәл осы әдіспен құрығына түсірген деген мәлімет жетті. Тек қыздың кім екенін әзірге анықтай алмадық...», - деп жазды заңгер әлеуметтік желіде.

Серіктес жаңалықтары