462
Павлодар облысында бір күнде екі ер адамды жоғалып кетті
Жоғалып кетердің алдында туыстары күдікті ештеңе байқамаған.
Олар бір уақытта, бір күнде, бірақ әртүрлі жерлерде және әртүрлі жағдайларда жоғалып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Vita еріктілер ұйымының мәліметінше, Виктор Колчин 41 жаста. 8 тамыздан бастап туыстарымен байланысты тоқтатқан. Ол жоғалғанға дейін Кенжекөл ауылында тұрған.
– Туыстары оның араласатын ортасын білмейді, тіпті, қай жерде болуы мүмкін екенін болжай алмайды, – дейді еріктілер.
Төлеген Марденов 71 жаста. Зейнеткер 9 тамызда Екібастұз қаласындағы Кеншілер көшесі, 15 мекенжайында орналасқан үйден шығып кеткен. Жоғалып кетердің алдында туыстары күдікті ештеңе байқамаған.
Еріктілер хабар-ошарсыз кеткен екі азаматқа қатысты қандай да бір маңызды ақпарат болса, дереу +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана) нөмірлері бойынша хабарлауды сұрайды.