545
Паралимпиада ойындары: Бүгін спортшыларымыз екі спорт түрінен бақ сынайды
Пара таеквондо және пара жеңіл атлетикадан екі 2 медаль жиынтығы ойналады.
Бүгін Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар екі сайыс түрінен бақ сынайды, деп хабарлады turkystan.kz.
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, 30 тамызда пара таеквондо және пара жеңіл атлетикадан екі 2 медаль жиынтығы ойналады.
Пара таеквондодан жарыстың 1/4 финалында 57 келі салмақта отандасымыз Камила Досмалова өнер көрсетеді. Ол бүгін өзара бақ сынасатын кениялық Джульетта Мойпо мен сербиялық Мария Мицеваның бірімен күш сынасатын болады.
Пара жеңіл атлетикада 100 метрге жүгіруден Салтанат Әбілқасымқызы өнер көрсетеді.
Айта кетсек, 29 тамызда пара волейболдан Қазақстан құрамасы Францияны 3:0 есебімен жеңді.
Енді олар ертең, 31 тамызда Астана уақытымен 17:00-де Босния құрамасымен кездесетін болады.