«Біреудің мұрнын бұзғаны үшін машина мен 100 жылқы берді»: Асқар Жұмаділдаев базынасын айтты
Спорттан жүлде әкелген чемпиондарға бәрін береді, ал математикадан жүлде алып келіп жатқан балаларға велосипед те бермейді.
Белгілі математик Асқар Жұмаділдаев «Ой-лайық» подкастына сұхбат беріп, олимпиадаға қатысты бірқатар ойын айтты, деп жазады turkystan.kz.
«Кеше чемпиондар біреудің мұрнын бұзып еді, оған машина да береді, жүз жылқыны да береді. Түйені де, бәрін де береді. Ойлап қарасаңыз осындай жетістікке біздің балаларымыз да жетіп жатыр ғой. Жыл сайын математикадан қанша бала ұтып жатыр?! Неге соларға ең болмаса бір велосипед бермейді?! Біреу шықса оған үкімет те береді, бай-бағлан, меценат та береді. Онысы кейін допинг болып шығады. Кезінде штангистің бәрі допинг болып шығып, ешқайсы алған сыйлығын қайтарған жоқ қой! Сыйлықты бәріне бірдей бере беруге болмайды. Оның бәрін бере берсең оны «халява» деп ұғады»-дейді математик.
Айта кетейік, биыл қазақ спортшылары Париж олимпиадасынан 7 медаль әкелген болатын. Жүлде әкелген спортшыларды халық жақсы қарсы алып, Үкімет пен меценаттар көлік пен жылқы мінгізіп, үй мен қомақты қаражат берген болатын.