Саттарханов атындағы спорт кешенінен боксшының есімін тартып алып жатыр ма?

2001 жылы Нұрлан Балғымбаев Түркістан қаласында өз қаражатына Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін салған.

Саттарханов атындағы спорт кешенінен боксшының есімін тартып алып жатыр ма?
коллаж: turkystan.kz
Автор
Админ
510

3-4 жыл бұрын сол кешенді сүріп тастап, орнына басқа үлкен спорт кешенін тұрғыза бастаған, деп жазады turkystan.kz.

Жаңа кешен жақын айларда пайдалануға берілуі керек. Бірақ ол кешен Бекзат Саттарханов атындағы кешен емес, Әбдісалам Нұрмаханұлы атындағы спорт кешені болуы мүмкін дейді. Бұл туралы Бекзат Саттархановтың анасы «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына  берген сұхбатында айтты.

«Бекзаттың қазасынан айыға алмай жүрген 2004 жылдары сол кешенге келіп, Әбдісалам Нұрмахарнұлының турнирін өткізген. Кейін мектеп ашылады, сол жаққа ауыстырамыз деген. Кешен Бекзаттікі деп ойлап жүре бердік. Жақында тағы біреу қоңырау соғып «Апа-ау, сіз сатылып кеткенсіз бе? Сіз Бекзаттың анасы деуге болмайды ғой» деді. Сол адам ол кешенде Бекзат тың аты жоқ екені, Әбдісалам Нұрмаханұлының атына салынып жатқанын айтты. Содан әкімге де, басшыларына да өзімнің оған қарсы екенімді жеткіздім. Әзірге құр уәде беріп отыр. Көңілім күпті. Бәрінен айырылып қаламын ба деп те қорқамын. Себебі сенбеймін. Кешеннің неге Әбдісалам Нұрмаханұлының атына салынып жатқанын білмеймін. Қарт адаммын, денсаулығым сыр береді. Ертең мен жоқ боп кетсем, Бекзат жоғалып кетеді екен»-дейді Сырлыгүл Шойбекова.

 

Серіктес жаңалықтары