Астанада жүргізуші төрт көлікті соққан (видео)

Оқиға 29 тамыз күні Тәуелсіздік – Панфилов көшелерінің қиылысында болған.

Астанада жүргізуші төрт көлікті соққан (видео)
видеодан скриншот
Автор
Админ
314

Астаналық азамат көлік жүргізіп келе жатып, рөлге ие бола алмай, жол бойында тоқтап тұрған төрт көлікті қаққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жүргізушілердің бірі зардап шеккен. Оқиғаның видеосы instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаларда жарияланды.

Астана қаласының Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Тойота көлігінің жүргізушісі Тәуелсіздік - Панфилов даңғылының қиылысында көпірден түсіп келе жатып,  рөлге ие бола алмай, жол бойында тұрған төрт көлікке соғылған.  ЖКО салдарынан жүргізушілердің біріне медициналық көмек көрсетілді»,-делінген хабарламада.

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары