«Мейрамбек сияқты жүрекпен жылайды»: Сәкен Майғазиев 5 жастағы қызды таныстырды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Сәкен Майғазиев бес жыл бұрынғы видеоны жүктеді.

«Мейрамбек сияқты жүрекпен жылайды»: Сәкен Майғазиев 5 жастағы қызды таныстырды (ВИДЕО)
сурет ашық дереккөзден алынды
562

Танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында бес жыл бұрынғы видеомен бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.

Видеода «Музарт» тобының әншілері бір-бірден жылаған балаларды көтеріп тұр. Соның ішінде Хадиша есімді қызды оқырмандар Мейрамбек Беспаевқа ұқсатқан. Бүгінде сол 5 жастағы бүлдіршін Сәкен Майғазиевпен кездесуге барыпты. 

«Осыдан 5 жыл бұрын оқырмандарым бұл қыз баланың жылағанына қарап, Мейрамбек сияқты жүрекпен жылайды екен деп жазып еді. Қызымыз өсіп қалыпты, арада 5 жыл өтті», - деп айтты Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында,

Серіктес жаңалықтары