Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды

Еңбек жолын 1991 жылы дене шынықтыру мұғалiмi болып бастаған

Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды
Ақмола облысы әкімдігі
360

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Ермек Боранбайұлы 1969 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген. С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттiк педагогикалық институтын, «Тұран» университетiн және Көкшетау университетiн бiтiрген.

Еңбек жолын 1991 жылы дене шынықтыру мұғалiмi болып бастаған. 2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Туризм және спорт министрі болып тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары