578
Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық БАӘ-де ұсталды
Ол бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған
Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлады Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Күдікті 2023-2024 жылдар аралығында Атырау облысында букмекерлік кеңсе түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, нәтижесінде 21 млн теңге көлемінде пайда тапқан.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды.
Биылғы жылдың тамыз айында ол Абу-Даби қаласының аумағында ұсталып, кейіннен Қазақстан Республикасына экстрадицияланды.
Ол бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.