Иттерді аяусыз сабаған: Шымкентте ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Полиция еріктілердің өтініші бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады

Иттерді аяусыз сабаған: Шымкентте ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Видеодан алынған кадр
440

Шымкентте қалалық қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау орталығының қызметкері иттерді аяусыз ұрып тастаған, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Оқиғаны өз көзімен көрген ерікті қатігез ер адамның әрекетін видеоға түсіріп алған.

«Бұл – жануарларды қорғаудың барлық нормалары мен заңдарын бұзу. Біз кінәлілер үшін әділдік пен жазаны, сондай-ақ осы қорғансыз тіршілік иелерін қорғауға тиісті заңдарды қатаң сақтауды талап етеміз», - дейді Шымкент еріктілері.

Әзірге қызметкер жай ғана жұмыстан шығарылды.

Ал полиция еріктілердің өтініші бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

«Еңбекші ауданының полиция басқармасы жануарларға қатыгездік жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық жағдайлар анықталуда», - деп хабарлады полициядан.

Серіктес жаңалықтары