Еркін Ғаббасов Паралимпиада ойындарының финалына шықты

Финал бүгін Астана уақытымен сағат 15:15-те басталады

Еркін Ғаббасов Паралимпиада ойындарының финалына шықты
Мейіржан Амангелдиев
536

Еркін Ғаббасов Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының финалына шықты.

R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен отандасымыз іріктеу кезеңінде 619.5 ұпай жинап, финалға жолдама алды.

Финал бүгін Астана уақытымен сағат 15:15-те басталады.

Серіктес жаңалықтары