4 ай бұрын жоғалып кеткен Павлодар тұрғынының мәйіті табылды

Еріктілер әйелдің денесінің қандай жағдайда табылғанын нақтыламады

4 ай бұрын жоғалып кеткен Павлодар тұрғынының мәйіті табылды
instagram/volontery_almaty_lider.kz
489

Сәуір айында жоғалып кеткен Павлодар облысының тұрғыны өлі күйінде табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілері Instagram парақшасында хабарлады.

Мәлімет бойынша, 1979 жылы туған Солтан Жанар Әмірғалиқызы 6 сәуір күні Малайсары ауылындағы үйінен шығып кеткен. Әйел белгісіз бағытқа кетіп, сол күйі оралмаған.

Ол қара күртеше, қызыл белдемше, бас киім және галош киген.

Еріктілер әйелдің денесінің қандай жағдайда табылғанын нақтыламады.

Серіктес жаңалықтары