Егіз қыздарға зорлық көрсеткен ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Жазба авторының сөзінше, ер адам 14 жасынан бері психикалық ауытқуы болған

Егіз қыздарға зорлық көрсеткен ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
istockphoto.com
473

Аталған іс бойынша бірінші сот отырысы өтті, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір үйдің егіз қызына зорлық көрсеткен 30-дан асқан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Жазба авторының сөзінше, ер адам 14 жасынан бері психикалық ауытқуы болған. Тіпті базарда жұмыс істейді екен.

Бұл туралы заңгер Ләззат Рақышева өзінің Instagram парақшасында жазды.

Айтуынша, ер адам үйленген, үш баласы бар. Ал, зардап шеккен балаларға  психологиялық және медициналық көмек керек екен.

"Құрметті оқырмандар! Естеріңізде болса осыдан 3 ай бұрын бір автордың хатын жариялаған болатынмын. Ол жерде "көрші 30-дан асқан еркек 2 егіз қызыма сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық, азғындық жасаған" делінген хатта. Сол іске қатысты полицияға арыз жазылып, қылмыстық іс қозғалған болатын. Міне іс сотқа жетіп, бірінші сот отырысы өтті. Ең қорқыныштысы еркектің 14 жастан психикалық ауытқуы бар екен. Бірақ қалай ол үйленіп 3 баласы бар? Қалай базарда сауда-саттық жасап жүрген, психикалық ауытқуы бол тұра, менде әлі сұрақ көп. Балаларға психологиялық көмек және медициналық көмек керек. Күнде аналарына жылайды екен көтен шегіміз ауырады деп. Сол зорлықтың салдарынан балалардың денсаулықтарына зиян келтірілді. Ауылды жер болған соң мықты дәрігерлерде жоқ сияқты?" – деп жазды Рақышева.

Серіктес жаңалықтары