551
Бишімбаев ісі: Жоғарғы сот Байжановтың шағымын қарайды
Қуандық Бишімбаевтың өзі әлі Жоғарғы сотқа шағым түсірген жоқ
Жоғарғы сот экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотталған бауыры Бақытжан Байжановтың шағымын қарайды. Бұған дейін белгілі болғандай, үкіммен келіспеген Бақытжан Байжанов сот органына шағым түсірген.
Сот кеңсесінің хабарлауынша, Байжановтың кассациялық шағымы сәрсенбі, 4 қыркүйекте қаралады.
Алайда Қуандық Бишімбаевтың өзі әлі Жоғарғы сотқа шағым түсірген жоқ. Бұл туралы оның адвокаты Ерлан Ғазымжанов хабарлады.