1768
Әйелін жұмыс орнына барып пышақтап тастаған ер адам қамауға алынды
Полиция мәліметінше, жәбірленуші сол жерде ас үйде жұмыс істейді
Қырғызстанда ер адам әйеліне пышақпен шабуыл жасады.
Оқиға кеше, 31 тамыз күні сағат 11:00 шамасында Нарын қаласының базарындағы асханалардың бірінде болған.
42 жастағы ер адам әйелінің жұмысына барып, алдымен оның мойнына пышақпен шабуыл жасайды. Содан кейін оны еденге құлатып, әрі қарай пышақтай бастаған.
Полиция мәліметінше, жәбірленуші сол жерде ас үйде жұмыс істейді. Оның күйеуі қамауға алынды.