Алматы облысында ер адам өрттен қаза тапты

Өрт сөндірушілер өткен тәулікте Алматы, Шығыс Казақстан, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласында 5 өртті сөндірді

Алматы облысында ер адам өрттен қаза тапты
ТЖМ
472

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғын үй секторындағы өрттерге шолу жасады.

Өрт сөндірушілер өткен тәулікте Алматы, Шығыс Казақстан, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласында 5 өртті сөндірді.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында барлық өрт сөндірілді. Өкінішке қарай, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар ауылындағы тілсіз жау салдарынан 1951 жылы туған ер адам ауруханаға ауыр жағдайда жатқызылып, қайтыс болды, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары