229
1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өсті
Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20% – 47 135 теңгеге дейін
1 қыркүйектен бастап Қазақстанда студенттер, магистранттар мен докторанттарға берілетін шәкіртақы мөлшері өсті.
Колледж студенттері үшін стипендия 50% артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрады.
Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20% – 47 135 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттарда оқитындар 75 600 теңгеге дейін ұлғайды.
Интернатурада оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге көлемінде төленеді.
Магистранттар мен докторанттарға стипендия 15% - ға ұлғайтылды: тиісінше 107 061 теңге және 240 000 теңге болды.
Айта кетейік, 2025 жылдың 1 қыркүйегінде бакалавриат студенттеріне стипендия 20%, магистранттар мен докторанттарға 15% артқан еді.