Ақтөбедегі саябақта елімізде баламасы жоқ субұрқақ іске қосылды

Биіктігі 38 метрге дейін жететін субұрқақ 40-тан астам әуені бар аудиожүйе сүйемелдеп тұр.

Ақтөбедегі саябақта елімізде баламасы жоқ субұрқақ іске қосылды
Ақтөбе қаласының әкімдігі
181

Ақтөбедегі орталық саябақта лазерлік және отты шоу көрсететін жаңа субұрқақ іске қосылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Жұмыстарды жүргізген мамандардың айтуынша, бұл субұрқақтың елімізде баламасы жоқ.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, осы тектес субұрқақтар өзге қалаларда бар, бірақ, бірмезгілде лазерлік және отты шоу көрсететін музыкалық субұрқақ бірінші болып Ақтөбеде орнатылып отыр. 

Бұл - жарық шамдары, одан бөлек лазерлік және фаер-шоу түнгі мезгілде ерекше көрік беретін заманауи музыкалық субұрқақ. Биіктігі 38 метрге дейін жететін бұл субұрқақты 40-тан астам әуені бар аудиожүйе сүйемелдеп тұр. 

«Жөндеу жұмыстары барысында 10 жыл бұрын пайдалануға берілген тоғанның бетон ыдысы қалпына келтірілді, гидрооқшаулау жұмыстары жасалды. Жалпы, бұл жерде фонтанға да, тоғанға да ерекше сән беретін күрделі жұмыстар орындалды. Мамандар мұны екі айға жуық уақытта аяқтап отыр. Бұл жерде лазерлік шоу және отты фаер-шоу да субұрқақпен бірге іске қосылды. Қыркүйек айының соңына дейін субұрқақ жұмысы жалғасады. Күн жылы болса қазан айында да жұмыс істейді. Мердігер қыс мезгіліне консервацияға жауып, келесі маусымда барлық жүйесін қосуды міндетіне алып отыр», - деді Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет.

Серіктес жаңалықтары