Астаналық бойжеткен жүргізуші куәлігін жасату үшін бейтаныс адамға 300 мың теңге берген

Полиция алаяқты ұстады.

Астаналық бойжеткен жүргізуші куәлігін жасату үшін бейтаныс адамға 300 мың теңге берген
istockphoto.com
480

Ер адам бойжеткенге емтихан тапсырмай-ақ, жүргізуші куәлігін жылдам алып беремін деп, 300 мың теңге сұраған, деп хабарлайды turkystan.kz

Жәбірленуші Kaspi аударым арқылы ақшаны аударып жіберген. Ақшаны алғаннан кейін күдікті байланысқа шықпай қойған. Осыдан кейін жәбірленуші полицияға жүгінуге мәжбүр болады.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері 34 жастағы қала тұрғынын анықтады. Күдікті кінәсін мойындап, шығынды өтеді»-деп хабарлады полиция.

Астана қаласының Полиция департаменті жүргізуші куәліктерін тек өкілетті орган беретінін, жүргізуші куәлігін сатып алу заңмен жазаланатынын еске салады.

Серіктес жаңалықтары