"Денелері бір жылдан артық жатып қалған": Жапонияда жарты жылда 40 мыңдай адам жалғыздықта көз жұмған

Есепте көрсетілген қайтыс болғандардың 70%-дан астамы – 65 жастан асқан адамдар, ал 20%-дан астамы – 85 жастан асқандар.

"Денелері бір жылдан артық жатып қалған": Жапонияда жарты жылда 40 мыңдай адам жалғыздықта көз жұмған
сурет: istockphoto.com
1436

Жапонияда 2024 жылдың алғашқы жартысында 37 227 адам өз үйлерінде жалғыздықта қайтыс болған. Бұл туралы ВВС жапон полициясының есебіне сілтеме жасап хабарлады.

Жалғыздықта қайтыс болғандардың 4 000-ға жуығының денелері бір айдан астам уақыттан кейін табылған, ал 130 адамның денесі бір жылға жуық уақыт бойы анықталмаған.

Есепте көрсетілген қайтыс болғандардың 70%-дан астамы  65 жастан асқан адамдар, ал 20%-дан астамы  85 жастан асқандар.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, Жапония – әлем бойынша ең қарт ел. 2050 жылға қарай Жапонияда 65 жастан асқан, жалғыз тұратын адамдардың саны 10,8 миллион адамға жетеді деп күтілуде. Биыл Жапониядағы бір адамнан тұратын үй шаруашылықтарының саны 23,3 миллионнан асты.

Сәуір айында Жапония үкіметі жалғыздық пен оқшаулану мәселесін шешуге бағытталған заң жобасын дайындады. Дегенмен, халқы қартайып, саны азайып бара жатқан ел үшін бұл өзгерістермен күресу барған сайын қиын болуда.

Өткен жылы премьер-министр Фумио Кисида Жапония бала туудың төмендеуіне байланысты қоғам ретінде жұмыс істеуге қауқарсыздықтың алдында тұрғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары