633
«Минутына дейін өтедім»: Алтынбек Тәшімбетов жазасын өтеп, бостандыққа шықты
Тамыз айының соңында белгілі әнші Алтынбек Тәшімбетов бір келеңсіз жағдайға ұрынған еді.
Ауруханаға мас күйде келіп, әйнекті шаққан. Содан кейін қоғамдық орынға мас күйде келу және медицина қызметкерлеріне құрметсіздік таныту фактісі бойынша 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын. Кеше әнші сол жазасын өтеп, бостандыққа шықты, деп жазады turkystan.kz.
«Мені уайымдап жатқан кісілер, баршаңызға мың алғыс! Кей адамдар әншілерге сот жүрмейді, заң жүрмейді деп жатады. Міне әкімшілік сот кескен 10 күн жазамды сағатына дейін, минутына дейін өтеп шықтым. Хейтерлеріме, арыз жазып жатқан жандарға дәлелімді түсіріп тұрмын. Әркімнің басына түсіп жатқан жағдай. Түрлі-түрлі адамдарды көріп жатырмыз. Әйелімен, баласымен ұрысып жатыр. Сондықтан бәрінің басына түсуі мүмкін. Күлетін жағдай емес»-дейді әнші.