Бақытжан Байжанов Жоғарғы сотқа түсірген арызын қайтып алды

Бұл туралы Жоғарғы сот хабарлады.

Бақытжан Байжанов Жоғарғы сотқа түсірген арызын қайтып алды
Ғаламтор
Автор
Админ
393

Жоғарғы сот Қуандық Бишімбаевтың немере інісі Бақытжан Байжановтың кассациялық шағымын қарамайтын болды, деп жазады turkystan.kz.

«Б.А.Байжанов 2024 жылдың 26 тамызында өзінің сот актілерін қайта қарау туралы кассациялық өтінішін қайтып алды. Сол себепті өтініш алдын-ала қаралмайды. Өтінішті қайтару туралы қаулы 2024 жылдың 4 қыркүйегінде шығады»-делінген Жоғарғы сот хабарламасында.

Еске салайық, Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың ауыр жағдайы жайлы хабарламағаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Серіктес жаңалықтары