Теннисші Жәния Бекмұхамбетова Словенияда 2 медаль жеңіп алды

Жас теннисші 11 жасқа дейінгі атлеттер арасында алтын медаль алса, 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында қола жүлдегер атанды.

Теннисші Жәния Бекмұхамбетова Словенияда 2 медаль жеңіп алды
Жәния Бекмұхамбетова. Фото: Olympic.kz
416

Словенияның Оточец қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирі аяқталуға жақын. Бұл бәсекеде қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова екі медаль жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Жас теннисші 11 жасқа дейінгі атлеттер арасында алтын медаль алса, 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында қола жүлдегер атанды. 

Айта кетелік, тамыз айында Хорватияда өткен турнире WTT Youth Contender турнирінде Жәния жеңіске жеткен болатын. 

 

Серіктес жаңалықтары