«Маған оңай емес»: Айсәуле Бақытбек бостандыққа шыққан әкесі жайлы айтты

Ол әкесімен араласқанымен, оның анасына істегенін ақтау мүмкін емес екенін жеткізді.

«Маған оңай емес»: Айсәуле Бақытбек бостандыққа шыққан әкесі жайлы айтты
instagram
3172

Баян Алагөованың қызы, блогер Айсәуле Бақытбек әкесімен қарым-қатынасы туралы айтты.

Ол әкесімен араласқанымен, оның анасына істегенін ақтау мүмкін емес екенін жеткізді.

«Мен әкеммен түскен фотомды жарияласам, маған кейбір оқырмандарым: «Жарайсың, араласқаның жақсы» деп пікір жазады. Олардың маған жұмсартып айтқан пікірлері ұнамайды. Әкемнің ісі - ақтауға келмейтін дүние. Ешқандай жағдайда. Бұл сурет және біздің араласатынымыз, оны аз да болса түсінетінімді немесе ақтағым келетінін білдірмейді. Бұл олай емес.

Бұл қарым-қатынасты ұстау маған оңай емес. Көп еңбек пен күш-жігерді қажет етеді. Оны ол тіпті білмеуі де мүмкін. Мен кейбір дүниелерді кешіруге болмайтынына сенемін. Бірақ оған қоса, мен сол адамның арқасында осы өмірде бар екенімді білемін. Сондай-ақ әкем маған көп жыл бойы өте жақсы әке болды. Иә, адам қорқынышты әрекеттерден кейін де балалары және немерелерімен сөйлесуге құқылы. Өйткені, бұл - өмір. Ал өмірдің қыры шексіз көп. Көбіңіз менің өмірімнің қыр-сырын және менің іс-әрекеттерімді түсіне алмайсыздар. Мен де сіздерді түсіне алмайтыным сияқты», - деп жазды Айсәуле Бақытбек.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 10 маусымында белгілі продюсер Баян Есентаева пышақ жарақатымен ауруханаға түскен. Аталған қылмысқа күдікті ретінде продюсердің күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынды.

2016 жылы 3 қарашада сот Бақытбек Есентаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

Есентаев 2022 жылы шілде айында шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықты.

Серіктес жаңалықтары